Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесі мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Кеңес мүшелері мен декутаттар білім беру объектілерінің жаңа оқу жылына дайындығын, шағын ауылдардан балаларды ауылдық округ орталықтарына жеткізу, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға балаларға киім, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алу үшін көмек көрсету мәселелерін талқылады.
Өтініш берген отбасыларға мұндай көмек көрсетілуде. Отырыста балаларды тасымалдау мәселесі, дәлірек айтқанда, балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды күту кезінде балалардың уақытын ұйымдастыру туралы айтылды.
Білім бөлімінің басшысына балаларды көлікті күту уақытына, әсіресе қысқы уақытта, көшеде автобус күтіп тұрып, қатып қалмас үшін қабылдауға, ауылдық округ әкімдеріне көлікті күту үшін орын жабдықтауға кеңес берді
Қоғамдық кеңес мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары тағы бір мәселені талқылады: Балалар жылы аясында өткізілетін іс-шаралар және ауылдық округтер бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру. Бүгінгі таңда жанбасына қаржыландыру бойынша үйірмелерде 128 бала айналысады, оның ішінде 31 бала көп балалы отбасынан шыққан. Балалар домбыра, Эстрадалық вокал, көркем оқу, оригами (қағазбен модельдеу) үйірмелеріне қатысады. Үйірме жұмыстары кесте бойынша аптасына 2 рет жүргізіледі. Сонымен қатар, жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша волейбол, еркін күрес, дзюдо сияқты спорт түрлері бойынша спорттық секциялар жұмыс істейді. Кеңес мүшелері барлық ауылдық округтерде жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша үйірмелер мен секциялар жұмыс істемейтіндігіне назар аударды және барлық ауылдық округтерде осындай жұмысты ұйымдастыруды ұсынды.
Қоғамдық кеңестің және мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына қатысқан жергілікті қоғамдастық жиналыстарының мүшелері шағын ауылдардағы балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысу мүмкіндігінің жоқтығына, өйткені олар ауылдық округ орталықтарында жұмыс істейді және көліктің жоқтығынан балалар оған жете алмайтындығына келінді; көмек көрсетуді сұрады
Қаралған мәселелер бойынша ұсынымдар қабылданды.