2022 жылғы 14 қыркүйекте Григорьевка ауылдық округінің әкіміне өз кандидатураларын ұсыну туралы құжаттарды Махмет Катаевич Смагулов және Асхат Куатович Мейрамов ұсынды.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 23 қыркүйектегі жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.