Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2022 жылғы 28 қыркүйекте сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» № 920 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіздер болып табылады: -қатысушының осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықтың басталуына бес минут қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі;
-Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына және 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес;
- қатысушының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде болуы.
Автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Өтінімі тіркелген және қабылданған қатысушыға веб-портал аукциондық нөмір береді.
Бағаны көтеру аукционына қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
Аукцион сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта басталады.
Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының арасындағы сауда-саттық жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қою шарттарын тіркейтін құжат болып табылады.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты веб-порталда электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН: 050540004455; ТТК:171 ; Кбе: 16.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар бірыңғай операторға аукцион қатысушысынан тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға келесі сату объектілері қойылады:
|
Р/с№ |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің мақсатты нысаны |
Жер учаскесінің көлемі, га |
Иеліктен шығарылатын құқық түрі (жер учаскесін меншік құқығы немесе жалға алу құқығы) |
Жер учаскесіне барлық ауыртпалықтардың (шектеулердің) тізбесі |
Жалдау ақысының сомасы, теңге |
Сауда-саттықты өткізу тәсілі мен әдісі |
Бастапқы бағасы, (теңге) |
Кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
1 |
Павлодар ауданы, Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылы |
Көкөніс қоймасын құрылысын жүргізу үшін |
2,0 |
5 (бес) жылға уақытша өтеулі жер пайдалану
|
жоқ |
17 280 |
Арттыру аукционы |
504 000 |
50 АЕК, 153 150 теңге |
Ұйымдастырушы: «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
Ақпарат үшін телефон: 8/718/2/22-20-21