Ефремовка ауылдық округінің әкімін тіркеу

2022 жылғы 28 тамызда бір сайлау округі бойынша Павлодар ауданының ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 785 азамат енгізілді, олардың 483 дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Балтабаева С.З. – 28; Досмагамбетов Н.Н. – 42; Резуанов А. К. – 381.
Ефремовка ауылдық округінің әкімі болып Резуанов Асылбек Кабылканович сайланды, 1984 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, Павлодар облысының Павлодар қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 28 тамызда сайланған Павлодар ауданының ауылдық округтерінің және ауылдың әкімдерін тіркеді.


Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
31 августа 2022