Павлодар ауданы
Көлемі: 5,842 мың км2 (облыс көлемінен үлесі 4,7%).
2021 жылғы 1 шілде жағдайына халық саны: 25,882 мың адам (облыстың барлық халқының санынан үлесі 3,5%).
Ауданның әкімшілік бөлінуі: 12 ауылдық округ және 1 ауыл.
Ұлттық құрамы: казақтар – 49,4%, орыстар – 33,2% және өзге – 17,4%.
2022 жылғы қаңтар-шілде айларындағы
Павлодар ауданының даму қорытындысы
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3283,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2021 жылдың тиісті кезеңіне – 85,1% (тау-кең – 49,3%, өндеу өнеркісібі – 89,8%, электр энергиямен жабдықтау – 105,1%, сумен жабдықтау – 7,4%). Көрсеткіш төмендеуі сумен жабдықтау және өндеу, тау-кең салаларының көрсеткіштері төмендеу себебінен.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 18119,4 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2021 жылдың тиісті кезеңіне –105,5%.
Шағын және орта кәсіпкерлік
Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмыс істейтін субъектілердің саны 1242 бірлікті құрады немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 99,9%.
Сауда
01.08.2022 ж. бөлшек сауда айналымы 1820,3 млн. теңгені құрады, немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 100,0%.
Бағалар. Стат. деректерге сәйкес ағымдағы жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 10 түріне шекті бағаларының артуы тіркелді: күріш 85 теңгеге (21%), рожки 90 теңгеге (22%), тауық еті 384 теңгеге (39%), пастерленген сүт 2,5% майлы 63 теңгеге (25%), тұз 13 теңгеге (23%), қант 281 теңгеге (86%), қырыққабат 44 теңгеге (36%), пияз 213 теңгеге (183%), сәбіз 93 теңгеге 68%), картоп 131 теңгеге (88%).
Бағаларды тұрақтандыру шеңберінде ауданның әлеуметтік дүкендері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін «Павлодар «ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) әлеуметтік бағамен сатып алады және оларды 10% сауда үстемесімен сатады. Ағымдағы жылдың басынан Қордан 109,5 тонна өнім сатып алынды, соның ішінде шілде айында сомасы 2,4 млн.теңгеге 6,1 тонна.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында 12692,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2021 жылдың тиісті кезеңіне – 102,3% (бюджеттік – 434,5 млн. теңге, бюджеттен тыс – 12258,2 млн. теңге).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 9070,4 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 149,3% 2021 жылдың тиісті кезеңіне.
2022 жылғы қаңтар-шілде айларында 2939 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 98,0%.
Төмендеу аудандағы тұрғын үйлердің құрылыс қарқынының төмендуімен байланысты.
Бюджет
2022 жылғы қаңтар-шілде айларында аудандық бюджетке салық және өзге міндетті төлемдерден 763,8 млн. теңге түсті, кезеңнін жоспары бойынша 579,5 млн. теңге немесе 131,8%.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Жұмыссыздық деңгейі – 4,2% құрады (2021 жылғы).
Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар 239 азамат тіркелген.
2022 жылғы қаңтар-шілде айларында 544 адам жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындары ашылды – 31, жастар тәжірибиесіне 25 түлек бағытталды. Қоғамдық жұмыстарға 141 жұмыссыз қатысты.
2022 жылдың 1 тоқсанында бір жұмыскердің орташа айлықтың атаулы жалақысы 237 728 теңге, 2021 жылдың тиісті кезеңінен 17,2%-ға артық.
2022 жылдың 1 тамызға Павлодар ауданы бойынша жаңа форматты атаулы әлеуметтік көмек 71 жанұядағы алушыларға, соның ішінде 346 адамға, сомасы 15,4 млн. теңге төленді.
Денсаулық сақтау
2022 жылдың 1 жыртыжылында қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылықтың 69,1% - ға ұлғайтуы байқалады. Бұл көрсеткіш 5088,1 құрады (2021 жылы–3007,4). Алғаш рет анықталған жаңа 660 жағдай (2021 жыл – 394).
2022 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша 100 мың халыққа шаққанда онкологиялық сырқаттанушылық көрсеткішінің 13,6% өсуі байқалады, ол 297,4 құрады (2021 жылы-261,7). Алғаш рет анықталған 45 жаңа жағдай (2021 жыл – 40).
100 мың халыққа шаққанда туберкулезбен сырқатта- нушылықтың 29,2%–ға төмендеді, көрсеткіш 46,3 құрады (2021 жылы–65,4). Алғаш рет анықталған 7 жаңа жағдай (2021 жыл–10).
Ана өлімі– тіркелген жоқ (2021 жылы – 0).
Сәби өлімі– тіркелген жоқ (2021жылы – 3).
Білім беру
Білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен жалпы сомасы 117025,0 мың теңге («Ауыл-ел бесігі» шеңберінде) – №2 Чернорецк ЖОББМ КММ және Шақат ЖОББМ КММ қаражат бөлінді. Жұмыстар аяқталуда.
«Мектептерді модернизациялау» бағдарлама шеңберінде 2 жоба қарастырылды –Рождественка ЖОББМ КММ және Кеңес НОББМ 199916,0 мың теңге сомасына. Жұмыстар аяқталуда.
Сатып-алуға қаражат бөлінді: 30000 мың теңге жалпы сомасында 5 жаңа модификациялы кабинет (Кемеңгер, Чернорецк №2 ЖОББМ, Рождественка, Ольгинка және Кеңес), 6500 мың теңге сомасында асханаға жиһаз (Чернорецк №2 ЖОББМ, Шақат, Рождественка, Ольгинка және Кеңес), 7106 мың теңге сомасында 11 мектеп кітапханаларына жиһаз жасауға (Рождественка, Чернорецк №1 ЖОББМ, Чернорецк №2 ЖОББМ, Ямышев, Ефремовка, Заря, Ольгинка, Мичурин, Луганск, Кеңес, Жаңақала НББМ), 2750 мың теңге сомасында 11 мектеп кітапханаларына компьютерлік техниканы сатып алуға (Шақат, Рождественка, Чернорецк №1 ЖОББМ, Чернорецк №2 ЖОББМ, Черноярка, Ефремовка, Заря, Ольгинка, Мичурин, Ямышев, Кеңес).
2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына көмір тасымалдаумен сатып алудың жалпы сомасы 59837,69 мың теңгені (4340 тонна) құрады.
Ауданның 26 мектебінде ағымдағы жөндеуге 10100 мың теңге қаражат қарастырылды.
6 мектепте 11 қазандық сатып алуға 18300 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды. 4 мектепте 8 қазандық сатып алынды (Ефремовка, Заңғар, Заря, Ямышев).
Аудан мектептерін Интернет желісіне қосу 100%. Бір компьютерге жарақтандырудың орташа көрсеткіші 4,8 адамды құрайды.
Жалпы аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 1 - ден 6 - ға дейін, ұшып шығу - 98%, 2-ден 6-ға дейін, ұшақтың шығуы-99%, 3-тен 6-ға дейін, ұшып шығу-100%.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
12 ауылдық округ пен 1 ауылда 13 учаскелік полиция инспекторы (УПИ) және 4 көмекшілер жұмыс істейді, 7 УПИ-де қызметтік автокөлігі бар.
13 қоғамдық құрама жұмыс істейді, олардың ішінде 24 қоғамдық полиция көмекшісі.
Тіркелгені – 70 қылмыс (2021 ж. – 71), соның ішінде көшелерде жасалған–1 (2021 ж.–1). Көшедегі қылмыстардың үлестік салмағы 1,4%.
2022 жылғы қаңтар-тамыз айларында 10 жол көлік оқиғасы тіркелді (2021 ж. – 8), қаза болғандар – 11, жараланғандар – 7 адам. 100 зардап шегушіге ЖКО-да қаза тапқандар – 38,9%.
«Павлодар ауданының экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Ж. Рахимбердина