Павлодар облысы Павлодар ауданының Ефремовка ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2022 жылғы 17 тамызда Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Ефремовка ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды туралы» қаулы қабылданды.
2022 жылғы 17 тамыз сағат 18:00дегі жағдайы бойынша Павлодар аудандық сайлау комиссиясы Ефремовка ауылдық округтерінің әкімдігіне ұсынылған 4 кандидаттың 3-ын тіркеді.
- 1984 жылы туған, қазақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, Павлодар қаласында тұратын Асылбек Қабылқанұлы Резуанов, «Amanat» партиясының мүшесі;
- 1983 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ өтініштермен жұмыс жөніндегі бас маманы. Павлодар қаласында тұратын Самал Заидовна Балтабаева. Өзін-өзі ұсынған;
- 1982 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы. Павлодар қаласында тұратын Нұрлан Назымбекұлы Досмағамбетов, Өзін-өзі ұсыну.

Дата публикации
17 августа 2022