Хабарлама Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Ефремовка ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы

2022 жылғы 12 тамызда Ефремовка ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Нұрлан Назымбекұлы Досмағамбетов ұсынды.

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 12 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Дата публикации
12 августа 2022