Ауылдар мен ауылдық округтер әкімдеріне сайлау жөнінде ақпарат жариялайды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Занының                    28-бабының 3-тармағына сәйкес Павлодар аудандық «Заман тынысы» және «Нива» газеттері ауылдар мен ауылдық округтер әкімдеріне сайлау жөнінде ақпарат жариялайды. Әкімдікке кандидаттардың өмірбаяндық деректерін, сайлау алдындағы бағдарламасының ережелері мен фотосуреттерін орналастыру үшін газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны мынаны құрайды:

- Кандидаттардың журналистік жолақтардағы үгіт-насихат ақпараты мен өмірбаяндық мәліметтері 1 кв/см үшін - 250 (екі жүз елу) теңге. Қолма-қол ақшасыз төлем нысаны-100% алдын ала төлем.

- Сайлау комиссиясының ақпараттық материалдарын орналастыру – құны 1 кв/см-250 (екі жүз елу) теңге.

Материалдарды ұсыну шарттары және орналастыру тәртібі:

Өмірбаян деректерін, сайлау алдындағы бағдарламаның ережелерін және графикалық бейнелерді қамтитын материалдарды редакция ақпараттық қызметтер көрсетуге және ақы төлеуге шарт жасасқаннан кейін газеттің кезекті дайындалып жатқан нөміріне сейсенбіден кешіктірмей жариялауға қабылдайды (ұсыну тәсілдері – кандидаттың не сенім білдірілген адамның қолы қойылған қағаз жеткізгіште және электрондық түрде (флеш-тасығыш немесе электрондық пошта).

Кандидаттардың сөз сөйлеу кезектілігі, егер өтініштер редакцияға бір мезгілде келіп түссе, олар көрсеткен газет нөмірінде материалдардың келіп түсу тәртібімен не жеребе бойынша белгіленеді.

Сайлау алдындағы ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру мәселелері бойынша Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143 мекен-жайына хабарласуға болады. E-mail: niva1930@mail.ru, zaman4444@mail.ru. тел.: (87182) 62-89-80.

Дата публикации
04 августа 2022