2022 жылғы 8 тамызда Ефремовка ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Наталья Витальевна Плешкова, Самал Заидовна Балтабаева және Асылбек Қабылқанұлы Резуанов «Amanat» партиясынан ұсынды.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 12 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.