Павлодар ауданының ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармағына және 113-1-бабының 1, 3-тармақтарының 2) тармақшасына сәйкес Павлодар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

  1. 1. Павлодар ауданында 2022 жылғы 28 тамызда Ефремовка ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2022 жылғы 28 тамызда тағайындалған Павлодар ауданының Ефремовка ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Павлодар ауданы әкімі аппаратының интернет-парақшасында және аудандық «Zaman tynysy», «Нива» газеттерінде жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                                       

Е.Ж. Айдаболов

 

 

Хатшы                                                                           

А.М. Вакпаева

 

 

Павлодар аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

2022 жылғы «29»шілдедегі

№27 қаулысына

қосымша

 

2022 жылғы 28 тамыздатағайындалған

Павлодар облысы, Павлодар ауданы

Ефремовка ауылдық округі әкімініңсайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауынтағайындау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2022 жылғы 29 шілде

 (113-1-б. 2, 3-т.)

 

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2022 жылғы 8тамыздан кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2022 жылғы 8 тамыздан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2022 жылғы 12 тамызданкешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Павлодар ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2022 жылғы 12 тамыздан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2022 жылғы 30шілдеде басталады және 2022 жылғы 18тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б. 1-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оныңжұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірісоргандары

Кандидат тіркелгенкүнненбастап бес күнішінде

 (113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2022 жылғы 30шілдеде басталады және 2022 жылғы 17тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2022 жылғы 17тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2022 жылғы 27тамызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Павлодар ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2022 жылғы 8 тамызға дейін (24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2022 жылғы 13тамыздан бастап

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 18тамызға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлаубюллетеньдерінучаскеліксайлаукомиссияларынажеткізу

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2022 жылғы 25 тамыздан ерте емес және                               27тамыздан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2022 жылғы 28 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Сайлаукүні, жергіліктіуақытбойыншасағат07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Жергіліктіуақытбойыншасағат 20:00-дебасталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

 

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2022 жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

(113-10-б.)

 

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2022 жылғы 1қыркүйектен кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2022 жылғы 4 қыркүйектен кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Павлодар ауданының ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
29 июля 2022