Құрметті азаматтар барлық мемлекеттік қызмет көрсетулер тәртібімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: http://10.61.42.188/rus/docs/V2000019982
Ұсынылған тізілімде қажетті қызметтер жанында оны көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сілтеме бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудін талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен регламенттеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру үшін ауданда ауылдық округтерде және ауылдарда қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары, жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен Мемлекеттікқызметтер жәрмеңкелері өткізіледі, онда азаматтарға консультивтік-әдістемелік көмек көрсетіледі, қызмет алу бойынша брошюралар, жадынамалар таратылады.
Мемлекеттікқызметтерді «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, Толстой көшесі, 10 мекенжайлары бойынша көрсетеді.
Әкім аппаратымен мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі:
- Атын, әкесінің атын, тегінауыстыруды тіркеу. Оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу;
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгірістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
- Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою;
- Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу;
- Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
- Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды беру;
- Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
- Ауыл шарушылығы алқаптарын бір түрден басқасына аударуға түпкілікті шешім беру;
- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 32-57-19; АХАТ: 61-80-50.