Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің және оның аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің және оның аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің  мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

            Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің және оның аумақтық басқармаларының (бұдан әрі-Департамент) мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұл стандарты–«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және құндылық және моральдық бағдарлар жүйесін құру арқылы Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.

            Қоғамдық қатынастар саласының атауы: Павлодар облысы халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

            Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілері төмендегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауға міндетті:

* заңдылық қағидасын басшылыққа алу;

* қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ортаны қалыптастыруға ықпал ету;

* сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға және олардың салдарларын жоюға ықпал ету;

  • мемлекеттік қызметшілер егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірінкөпшілік алдында білдіруге болмайды.

 

* қарапайым болып, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға тиіс;

 

 * мемлекет мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға тиіс;

 

* заңда белгіленген шектеулерді сақтауы, мүдделер қақтығысына жол бермеуі тиіс;

 

  * мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс;

 

* лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты кез келген сипаттағы құқыққа сыйымсыз уәде бермеуге және құқыққа сыйымсыз міндеттемелер алмауға ;

 

  • жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбауға тиіс;

 

* қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін заңсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді көздемеу.

 

* мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қарапайымдылық танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық ар-ожданға қолсұғушылықпен ұштасатын қоғамға қарсы жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс;

 

 

 

  • мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік функцияларды орындаумен байланыспайтын қызметті жүзеге асырмауға тиіс;

 

  • мемлекеттік қызметшілер мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауы тиіс;

 

  • мемлекеттік қызметшілер іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды ұсынған адамдардың пайдасына материалдық сыйақылар, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді, егер мұндай іс-әрекеттер қызметтік өкілеттіктерге кіретін болса немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты осындай іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке)ықпал етуі мүмкін болса, қабылдамауы тиіс;

 

  • Мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер ұсынған адамдардың пайдасына мемлекеттік қызметшінің әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін ұсынылатын материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер алуға құқығы жоқ, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе.

 

  •   егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады;

 

  • мемлекеттік қызметшілер туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өздеріне белгілі болған сәтте тікелей басшысына не Департамент басшылығына жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

 

  • тікелей басшы мүдделер қақтығысына жол бермеу және реттеу бойынша келесі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті:

     1) Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға құқылы;

2) лауазымдық міндеттерді өзгерту;

        3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдау

 

  • Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан туындайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.
  • Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылыққажол бермеу және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауыкерек. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті;
  • Жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті;
  • Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуі тиіс.
  • Мемлекеттік қызметшілер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ортаны қалыптастыруы тиіс.

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің және оның аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Дата публикации
08 июля 2022