Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесі «Павлодар ауданындағы ҚТҚ үйінділері мен мал қорымдарының жай-күйі; қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыпта көпшілік тыңдаулар өткізді.
Тыңдауларға облыс жер пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, ветеринария басқармасы басшысының орыньбасары М.Н. Шолақов, облыс ветеринария басқармасының бас маманы М.Ж. Әбдірахманов, Павлодар ауданы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы К.К. Токкатов, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті қоғамдастықтың мүшелері, ауданның бөлім басшылары қатысты.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың үйінділері бойынша ақпаратты экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы С.Қ. Бөлемисов баяндап берді. Жалпы, ауданда 35 қатты тұрмыстық үйінділер бар, олардың жалпы көлемі 203 га құрайды. Ауылдық округтердің әкімдері олардың тиісті жағдайда ұстауға қаражат қарастырып, жинау, жырты жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, «Ғарыш сапар» геопорталдың мониторингі бойынша аудан аумағында бүгінгі күнге 43 рұқсатсыз үйінділер бар, оның 16-сы Чернорецк ауылдық округінде, 8-і – Черноярка, 7-і Григорьевка округтердің аумағында орналасқан. Черноярка ауылдық округінің әкімі Д. Тақтаулов рұқсатсыз үйінділер «Темірком» ЖШС (жеке меншік)аумағында орналасқан, Павлодар облысының экология департаментіне аталған ұйымға қатысты шаралар қолдау туралы хат жолданды, деп хабарлады. Чернорецк, Кеңес ауылддық округіндегі рұқсатсыз үйінділердің бірнешесі – ескі қирапқалған ғимараттар екен. Облыс жер пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы бастығының орынбасары М.Н. Шолақов бұндай жағдайда қирап тұрған ғимараттарды суретке түсіріп, ауданның экономиканың нақты секторы бөліміне ақпарат жолдауды, кейін олар материалдарды экология департаментіне жіберсін, деп ұсынды.
Кеңес төрағасы Б.Т. Баткеев ауылдық округтер әкімдерінің назарын талқыланып отырған мәселе екі-үш жыл бойы мәслихаттың тұрақты комиссия-ларының отырыстарында, сессияларда талай қаралғанын, бірақ оң нәтижеге қол жеткізілмегеніненазар аударды және олар (әкімдер)рұқсатсыз үйінділер ұйымдастыратын тұлғаларға шаралар қолданбаса, тиісті шаралар әкімдерге қолданатын болады, деді. Қоғамдық кеңес ауылдық округтердің әкімдеріне 01.08. мерзімге қарай рұқсатсыз үйінділерді жою, рұқсаты бар қатты тұрмыстық қалдықтар үйінділерін ретке келтіру, тұрғындармен, шаруашылық жәнке фермерлік қожалықтармен, өзге ұйымдармен ауылдық окрутердің үйінділерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қоймалау ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыс жүргізу және қалдықтарды жеке жинақтау жүйесін ендіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды
Мал қорымдарының жағдайы туралы Павлодар облысы ветеринария басқармасының «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК Павлодар бөлімінің басшысы Ш.З. Ахметов баяндап берді. Осы саладағы жағдай күрделі болуда. Мал қорымдары былтырғы жылдан бері облыс ветеринарлық станциясының балансына ауыстырылды. Мал қорымдары қоршалмаған, тану белгілері жоқ. Мәселе қызу талқылау тудырды. Тыңдауларға қатысқан ветеринария басқармасының өкіліне мал қорымдарын ұстау, оларды қоршау бойыыынша шұғыл түрде шаралар қолдауды ұсынылды.
Талқыланған мәселе бойынша Қоғамдық кеңес ұсынымдар қабылдады.