Кеңес ауылдық округінде мүгедек балаларға бару

Павлодар ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі К.Б. Майкенов Кеңес ауылдық округінің әкімі А.Т. Бердыхановпен, Ямышев жалпы білім беретінтолрта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары З. К. Түсіпбаевамен, Новоямышев дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері А. Кулянмен бірге мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленіп жатқан отбасыларға барды.

Округте мұндай балалар саны - 10, оның ішінде 4 мектеп жасына дейінгі балалар. Үш бала үйде оқиды, мұғалімдер оларға кесте бойынша келеді. 1 бала Ямышев ЖОББМ 3 сыныбында оқиды, мектепте электркөтергіш бар. Екі бала Павлодар қаласындағы мамандандырылған мектеп-интернатында оқиды. Барлық балаларда жеке оңалту бағдарламасы бар.

Балалардың ата-аналарымен кездесу барысында тексеру және емдеу үшін облыстық орталыққа бару мәселесі және осыған байланысты көлік шығындары айтылды

 

Кеңес ауылдық округінде мүгедек балаларға бару
Дата публикации
03 июня 2022