27.05.2022 жылы Павлодар ауданы учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшыларымен «2022 жылғы 05 маусымға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Павлодар облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Гүлнар Қабиденқызы Аманжоловасөз сөйледі. Ол республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, референдум учаскелерін ұйымдастыру және жабдықтау мәселелері талқыланды.
Орталық референдум комиссиясының электоралды оқыту тренері Вера Александровна Гейнцсөз сөйледі. Ол дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру қағидаларын, азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың өтініштерін қарау қағидаларын, республикалық референдумға арналған құжаттардың нысандары туралы түсіндірді. Е-gov порталы арқылы азаматтарды тіркеу орны туралы атап өтті.