Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқу процесіне бейімдеу

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында бірқатар мәселелер қаралды.

Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс және оларды мектептердегі оқу процесіне бейімдеу жөніндегі шаралар туралы ауданның білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Б. Аюпова баяндап берді.Кеңес мүщелері баяндаушыға бірқатар сұрақтар қойды. Кеңес төрағасы Б.Т. Баткеев бейімделген санитарлық орындар, пандустар, Кеңес мүшесі Қ.Б. Майкенов мүгедек балаларды облыс орталығына емдеу және оңалту процедураларына  апаратын ата-аналарға  көлікпен жәрдем ету мәселесін көтерді.

Талқылаудың қорытындысы бойынша, Қоғамдық кеңес ұсынылған ақпаратты қабылдамады, оны мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке бейімделу бағдарламалар, бейімделген санитарлық орындар, пандустар туралы мәліметпен толықтырып беруді ұсынды.Сондай-ақ, Г.Б. Аюпованың мемлекеттік тілді жеткіліксіз меңгеруі атап өтілді.

Ауылдық округтердің тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау  экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы С.Қ. Бөлемисов баяндады. Баяндаушыға ауылдық округтердегі Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған монументтердің жағдайы туралы, өткен жылы отырғызылған көшеттердің  жерсінуі туралы сұрақтар қойылды. Кеңес төрағасы Б. Т. Баткеев  аудан аумағында орналасқан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған монументтердің жағдайын қарап, қалпына келтіру, сондай-ақ  2021 жылы отырғызылған көшеттердің  ұласып өсуінталдап алуды ұсынды.

Сондай-ақ, Кеңес отырысында ауылдық округтердің аумақтарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің  жобалар қаралды. Жобалар бойынша ескертулер мен ұсыныстар болмады.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқу процесіне бейімдеу
Дата публикации
27 апреля 2022