Аққұдық ауылының тұрғындарымен кездесу

Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесі аудандық мәслихатпен және "Аманат" аудандық филиалымен бірлесіп, Павлодар ауданында орналасқан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған ескерткіштердің мониторингін жүргізу шеңберінде Луганск ауылдық округінің Аққұдық ауылындағы ескерткішті қарап шықты.

Бұл ескерткіш бүгінгі күні ауылда тұрып жатқан, ауылдан тыс жерде тұратын жерлестердің  күші мен  каражатына салынған  және  Отан қорғаушыларға алғыс пен Достық белгісі болып табылады

Аққұдық ауылына сапар барысында Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Т. Баткеев, аудандық мәслихаттың хатшысы В.А. Гейнц және аудандық мәслихат депутаты Р. М. Тұрлыбаев тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге Павлодар ауданының Құрметті азаматы С. М. Нұрғалиев және Луганск ауылдық округінің әкімі В. С. Щеглов қатысты.

 

Аққұдық ауылының тұрғындарымен кездесу
Дата публикации
18 апреля 2022