Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 наурыздағы «Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылының аумағында орналасқан «Асхат» ШҚ жылқылардың ринопневманиясы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» №1-03-01 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы,            2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеренария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2022 жылғы 17 мамырдағы №2-36/113 ұсынысы негізінде, Мичурин ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылының аумағында орналасқан «Асхат» ШҚ-да жылқыларды ринопневмониядан ауруы бойынша сауықтыру шаралардан теріс нәтиже алғанына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
  2. Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылының әкімінің 2022 жылғы 09 наурыздағы № 1-03-01 «Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округінің Мичурин ауылының аумағында орналасқан «Асхат» ШҚ жылқылардың ринопневманиясы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мичурин ауылдық округінің әкімі                                           О. Копенов

 

 

Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 наурыздағы «Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылының аумағында орналасқан «Асхат» ШҚ жылқылардың ринопневманиясы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» №1-03-01 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
18 мая 2022