- Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ефремовка ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ефремовка ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ефремовка ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
- Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
- Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ефремовка ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.
3-тарау. Ефремовка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
- Ефремовка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:
Ефремовка ауылы үшін – 3 адам;
Даниловка ауылы үшін – 1 адам.