Халыкпен кездесу

Павлодар ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Т. Бакеев Кеңес ауылдық округінің Новоямышево ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді: балабақшадағы акт залына жапсарлас құрылысты жөндеу, кентішілік көшелерді жөндеу (Кенесары хан және Б.Момышұлы көшелері); тұрғын үй мәселелері (тұрғын үй беру және Заря ауылынан Новоямышево ауылына жалға берілетін тұрғын үйді айырбастау).

"Ершібай" ШҚ басшысы ет өнімдерін сату және жайылымда ұңғыманы бұрғылау мәселелерді көтерді.

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша екі жұмыссыз ауыл тұрғыны жүгінді, оның ішінде 2 топтағы мүгедек.

Сұрақтар бақылауға алынды.

Халыкпен кездесу
Дата публикации
11 февраля 2022