Павлодар ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Т. Баткеев Заря орта жалпы білім беретін мектебінде болды

Павлодар ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Т. Баткеев Заря орта жалпы білім беретін мектебінде болып, ыстық тамақтың ұйымдастырылуымен, температуралық режиммен танысты.

Температура режимі + 20,5 құрайды, бұл белгіленген стандарттарға сәйкес келеді.Бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары (барлығы 227 оқушы) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жоғарыда көрсетілген санаттарға кірмейтін оқушылар үшін түскі ас құны 400 теңгені құрайды. Ас үй қажетті жабдықтармен жабдықталған, биыл қосымша мұздатқыш, кесу тақтасы, ыдыс кептіргіш, қуыру шкаф сатып алынды. Ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер бөлек сақталады. Мектеп басшылығының назары ауасорғыштың жоқтығына аударылды.

         Кеңес төрағасы мектеп оқушыларының ыстық тамақапен қамтамасыз етілулерін канағаттанарлық деп есептеді.

 

 

Павлодар ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Т. Баткеев Заря орта жалпы білім беретін мектебінде болды
Дата публикации
17 февраля 2022