Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында аудан әкімі Е.И. Иманслямның 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы"есебі қаралды.
Қосымша баяндамамен Қоғамдық кеңестің төрағасы Б. Т. Баткеев және аудандық мәслихаттың хатшысы В. А. Гейнц сөз сөйледі.
Өзінің қосымша баяндамасында Б.Т. Баткеев 2021 жылы аудан әкімі және оның қызметтері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарғанын атап өтті.
Сонымен қатар, шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелер бар. Б.Т. Баткеев ауыл тұрғындарының есеп беру кездесулерінде, Қоғамдық кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдауларында көтерген мәселелеріне тоқталды.
Қоғамдық кеңес төрағасы қабылдау мен есеп беру кездесулерде көтерілген мәселелердің басым көпшілігі жергілікті жерлерде ауылдық округтер әкімдерімен шешілуі мүмкін және қажет екендігіне назар аударды. Бұдан басқа, жергілікті қоғамдастықтар жиналыстарының жұмысын жандандыру қажет екенін атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесі аудан әкімі Е.И. Иманслямның 2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін назарға алды және аудан әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі жұмысын мақұлдады.