Құрметті Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі тұрғындары!
Сіздердің назарларыңызға 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджет ұсынылған, онда Луганск ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды:- Луганск ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;- Луганск ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары.Луганск ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Луганск ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды және"Луганск ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы"Павлодар ауданы аудандық мәслихаты сессиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 19/94 шешімімен бекітілді. 2022 жылғы 14 сәуірдегі №23/129 бұйрығымен бекітілген Луганск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №1-04-82 өкіміне өзгерістер енгізу туралы, 2022 жылғы 20 сәуірдегі №1-04-20 өкіммен.