Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы «Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында орналасқан "Ертіс" ШҚ ірі қара малдын пастереллез бойынша салынған шектеу іс-шараларын тоқтату туралы» № 1-03-01шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы                         2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына 8) тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2022 жылғы 17 ақпандағы № 2-36/38 ұсынысы негізінде, Ольгинка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында орналасқан "Ертіс" ШҚ ірі қара малдын пастереллез ауруы бойынша сақтандыру шаралардан теріс нәтиже алғанына байланысты, белгіленген шектеу іс- шаралары тоқталынсын.
  2. Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1-03-01 «Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында орналасқан "Ертіс" ШҚ ірі қара малдын пастереллез бойынша салынған шектеу іс-шараларын тоқтату туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ольгинка ауылының  әкімі

 

 

Д. Ермек

 

 

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы «Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында орналасқан "Ертіс" ШҚ ірі қара малдын пастереллез бойынша салынған шектеу іс-шараларын тоқтату туралы» № 1-03-01шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
24 февраля 2022