Құрметті Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі тұрғындары!
Сіздердің назарларыңызға 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджет жобасы ұсынылған, онда Луганск ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.Бұл құжат келесі бөлімдерді қамтиды:- ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері;- Луганск ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары .2022-2024 жылдарға арналған Луганск ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, 2022-2024 жылдарға арналған Луганск ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды