2022-2024 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2022жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 307 214 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 046 187 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 28 881 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 232 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6 229 914 мың теңге;

2) шығындар – 7 307 214 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 84 335 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 142 429мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 58 094 мың теңге;

4) қаржыактивтеріменоперацияларбойынша сальдо – нөлгетең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 84 335мыңтеңге;

6) бюджет тапшылығынқаржыландыру (профицитінпайдалану) –              84 335мыңтеңге.

  1. Аудандықжергіліктіатқарушыорганның 2022жылғаарналғанрезерві21 546мыңтеңгесомасындабекітілсін.
  2. 2022 жылғаарналған Павлодар аудандықбюджетінде – 4 377 614мыңтеңгеоблыстықбюджеттенберілетін субвенция көлеміескерілсін.
  3. Аудандық бюджеттен ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 2022 жылға арналған аудан бюджетінде жалпы сомасы 664 131 мың теңге көзделсін, соның ішінде:

Григорьевка – 55 559мың теңге;

Ефремовка – 35 703мың теңге;

Заңғар – 36 670мың теңге;

Заря – 52 924мың теңге;

Кеңес – 73 132мың теңге;

Кемеңгер – 33 295мың теңге;

Луганск – 51 118мың теңге;

Мичурин – 60 629мың теңге;

Ольгинка – 39 225мың теңге;

Рождественка – 68 532мың теңге;

Чернорецк – 62 605мың теңге;

Черноярка – 52 571мың теңге;

Шақат – 42 168мың теңге.

  1. 2022 жылғаарналғанаудандықбюджетіндеауылдық округтердің және Ольгинка ауылыныңбюджеттерінеберілетінағымдағы нысаналы трансферттеркелесікөлемдеріндеескерілсін:

99 610 мың теңге – елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеуді жүргізуге;

36 111 мың теңге – мәдениет саласындағы шығындарға;

435 339 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша                      іс-шараларды іске асыруға;

13 082 мың теңге –мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысынақосымша ақылар белгілеуге;

41 223 мың теңге –азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге.

  1. Ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көрсетілген сомасын үлестіру аудан әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.
  2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

2022-2024 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы
Дата публикации
29 декабря 2021