Павлодар аудандық мәслихатының 202_ жылғы ________ №___« Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы» шешім жобасына баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес жоба әзірленді.
Жоба 2022 жылғы 4 ақпанда "Ашық НҚА" порталында орналасқан.
Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан РеспубликасыЗаңының 39-3-бабы 6-тармағына, «Құқықтық актілер туралы»Қазақстан РеспубликасыЗаңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Григорьевкаауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.
- Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24қыркүйектегі «Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы»№ 39/272шешімінің(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4056болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
.
шешімімен бекітілген
Павлодар ауданы Григорьевкаауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Павлодар ауданы Григорьевкаауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Григорьевкаауылдық округініңаумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
- Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Павлодар ауданы Григорьевкаауылдық округініңаумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Григорьевкаауылдық округінің аумағы: Набережное, Жана калаауылдары учаскелеріне бөлінеді.
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Григорьевкаауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
- Григорьевкаауылдық округініңжергілікті қоғамдастықтың халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Григорьевка ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен (Григорьевка ауылдық округінде орналасқан ақпараттық стендтерде хабарландыру, әлеуметтік желілер Instagram, WhatsApp арқылы жарияландыру) олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
- Ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Григорьевкаауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдардың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Григорьевкаауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Григорьевкаауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
- Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
- Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оныГригорьевкаауылдық округі әкімінің аппаратынаберіледі.
3-тарау. Григорьевкаауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
13.Григорьевкаауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:
Набережное ауылы үшін – 3 адам;
Жана кала ауылы үшін – 1 адам;