Павлодар аудандық мәслихатының 20___ жылғы ________ №___
«Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешім жобасына баспасөз-релизі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жоба әзірленді.
Жоба 2021 жылғы 31 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында орналасқан.
Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қоса беріліп отырған Тәртібі бекітілсін.
- Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 78/367 «Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7167 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шешіммен бекітілген
Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
- Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
- Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін Кемеңгер ауылдық округінің аумағы: Кемеңгер, Шанды, станция Красноармейка ауылдары учаскелеріне бөлінеді.
- Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
- Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын Кемеңгер ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
- Кемеңгер ауылдық округінің әкімі Кемеңгер ауылдық округінің халқын бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
- Ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Кемеңгер ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
- Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
- Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын Кемеңгер ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Кемеңгер ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
- Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
- Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
- Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Кемеңгер ауылдық округі әкімінің аппаратына тапсырады.
3-тарау. Кемеңгер ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
- Кемеңгер ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:
Кемеңгер ауылы үшін – 3 адам;
Шанды ауылы үшін – 2 адам;
Красноармейка станциясы үшін – 2 адам.
Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан РеспубликасыЗаңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Құқықтық актілер туралы»Қазақстан РеспубликасыЗаңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қоса беріліп отырған Тәртібі бекітілсін.
- Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23желтоқсандағы № 78/367 «Павлодар ауданы Кемеңгерауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы»(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7167 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.