2021 жылғы 12желтоқсанда үш сайлау округі бойынша Павлодар ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтті.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Павлодар ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Заря сайлау округі
Заря ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1594 азамат енгізілді, олардың 815-і дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:
Аккузинов А.С.– 252; Бланкин Т.Т.– 179; Капанов Р.Н.– 334; Плешкова Н.В. – 9.
Заря ауылдық округінің әкімі болып Рустам Нуржанович Капанов сайланды, 1973 жылы туған, Заря ауылдық округінің әкімі, Заря ауылдық округі Заря ауылында тұрады.Өзін-өзі ұсынған
Кемеңгер сайлау округі
Кемеңгер ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2029 азамат енгізілді, олардың 1850-сі дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Вакпаев А.В. – 1730; Вундерлих А.А. – 61; Какенова С.А. – 49.
Кемеңгер ауылдық округінің әкімі болыпАсылбек Васильевич Вакпаев сайланды, 1975 жылы туған, Кемеңгер ауылдық округінің әкімі, Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Рождественка сайлау округі
Рождественка ауылдық округіәкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1608 азамат енгізілді, олардың 1432-і дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Галеев Р.М. – 1292; Казбеков С.Т. – 58; Капец Е.А. – 68.
Рождественка ауылдық округінің әкімі болып Рашид Мингалиевич Галеев сайланды, 1963 жылы туған, Рождественка ауылдық округінің әкімі, Рождественка ауылдық округінің Розовка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 14желтоқсандағы шешімімен 2021 жылғы 12 желтоқсанда сайланған Павлодар ауданының ауылдық округтерінің және ауылдың әкімдерін тіркеді.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы