Павлодар облысы Павлодар ауданының Заря, Рождественка және Кемеңгер ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2021 жылғы 1желтоқсанда Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 12желтоқсанда тағайындалған Заря, Рождественка және Кемеңгер ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

2021 жылғы 1желтоқсанда сағат 18-дегі жағдайы бойынша Павлодар аудандық сайлау комиссиясы Заря, Рождественка және Кемеңгер ауылдық округ әкімдігіне ұсынылған 11 кандидаттың 10-ын тіркеді.

Заря ауылдық округі әкіміне кандидаттар:

1978 жылы туған, қазақ, «Ива» ЖШС басшысының орынбасары, Павлодар қаласында тұратын Азамат Социалович Аккузинов Заңғар ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелсін.Өзін-өзі ұсынған.

1973 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкім, Павлодар ауданы Заря ауылында тұратын. Рустам Нұржанұлы Капанов. Өзін-өзі ұсынған.

1986 жылы туған, қазақ,жұмыссыз, Павлодар ауданы Заря ауылында тұратын, Талғат Төлегенұлы Бланкин. Өзін-өзі ұсынған.

1988 жылы туған, орыс, «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Павлодар қаласында тұратын Наталья Витальевна Плешкова. Өзін-өзі ұсынған.

Кемеңгер ауылдық округі әкіміне кандидаттар:

1975 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкім, Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында тұратын. Асылбек Васильевич Вакпаев. «Nur Otan» Партиясының Мүшесі.

1978 жылы туған, неміс, Павлодар ауданының БЖСМ» МКҚК-ның әдіскері,Павлодар қаласында тұратын, Александр Александрович Вундерлих. Өзін-өзі ұсынған.

1992 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Павлодар қаласында тұратын, Кәкенова Сабина Адылбекқызы. Өзін-өзі ұсынған.

Рождественка ауылының әкіміне кандидаттар:

1963 жылы туған, татарин, «Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Розовка ауылында тұратын, Рашид Мингалиевич Галеев. «Nur Otan» Партиясының Мүшесі.

1976 жылы туған, орыс, «Павлодар ауданының Розовка ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Павлодар ауданы Розовка ауылында тұратын тіркелсін, Елена Александровна Капец. Өзін-өзі ұсынған.

 

1977 жылы туған, қазақ, «Компания Нефтехим ЛТД» ЖШС қауіпсіздік қызметінің маманы, Павлодар қаласында тұратын, Серік Төлегенұлы Қазбеков. Өзін-өзі ұсынған.

         2021 жылғы 1 желтоқсанда сағат 18:00-ден бастап Заря, Рождественка және Кемеңгер ауылдық округ әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 10 желтоқсандағы сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

         Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 29 маусымдағы №91 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Павлодар облысы Павлодар ауданының Заря, Рождественка және Кемеңгер ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Дата публикации
01 декабря 2021