Павлодар аудандық мәслихатының «2022 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік колдау шараларын көрсету туралы»шешімінің жобасына баспасөз

Павлодар аудандық мәслихатының «2022 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне  жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік колдау шараларын көрсету туралы»шешімінің жобасына

баспасөз

 

         Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Занының 46-бабы 2-тармағының  4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы»  № 183 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес«2022 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне  жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік колдау шараларын көрсету туралы» мәслихат шешімінің жобасын ұсынылды.

         Жобаны іске асыру кезінде «2022 жылға Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады. 2021 жылы17 қарашаны жағдай бойынша 104маманға қызмет көрсетілді, оның ішінде 124 855,3 мың теңге жалпы сомаға бюджеттік кредит түрінде-29 маманға және 75маманға көтерме жәрдемақы түрінде – 21877,5мың теңге жалпы сомаға төленді.

        «2022 жылға Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы» шешім жобасы 2021 жылғы 18 қазаннан бастап «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Дата публикации
19 ноября 2021