2021 жылдың 12желтоқсанда Заря, Рождественка және Кемеңгер ауылдық округтерінде әкімдерді сайлауға тағайындалған кандидаттарды ұсыну барысытуралы Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2021 жылғы 25 қарашада Заря ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Азамат Социалович Аккузинов және Рустам Нуржанович Капанов ұсынды.

«Nur Otan» партиясынан Кемеңгер ауылдық округі әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Асылбек Васильевич Вакпаев ұсынды. «Nur Otan» партиясынан Рождественка ауылдық округі әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Рашид Мингалиевич Галеев ұсынды.

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 қарашада жергілікті әкімдікке кандидаттарды ұсыну бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

2021 жылдың 12желтоқсанда Заря, Рождественка және Кемеңгер ауылдық округтерінде әкімдерді сайлауға тағайындалған кандидаттарды ұсыну барысытуралы Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
25 ноября 2021