2022 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

 

 

2022 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған

адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту   туралы»  Заңының  9-бабы   8)  тармақшасына,  27- бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және  әлеуметтік  даму  министрінің  2016  жылғы 26  мамырдағы «Ата-анасынан  кәмелеттік  жасқа  толғанға  дейін  айырылған  немесе  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған,  білім  беру  ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,бас  бостандығынан айыру  орындарынан  босатылған  адамдарды,  пробация  қызметінің  есебінде тұрған  адамдарды  жұмысқа  орналастыру  үшін  жұмыс  орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №412 бұйрығына сәйкес,                                Павлодар ауданының   әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Павлодар ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналғанжұмыс орындарының квотасыосы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

Аудан әкімі

 

Е. Иманслям

Павлодар ауданыәкімдігінің

2021жылғы «09»қараша

№ 466/11қаулысына

 қосымша

 

2022 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан

айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру

үшін жұмыс орындарының квотасы

 

Р/с№

Ұйымныңатауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны,адам

 

 

 

Квотаның мөлшері (жұмыскелердің тізімдік санынан),%

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған  жұмыс орындарының саны, бірлік

1

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

306

1

3

2

«Ертіс» шаруа қожалығы

120

1

1

3

«Кирова» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

227

1

2

4

«Луганск» өндірістік кооперативі

249

1

2

2022 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Дата публикации
10 ноября 2021