2021 жылғы 19 қарашада Заря ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Кундуз Рашидовна Шакенова ұсынды, Кемеңгер ауылдық округінің әкіміне өзін ұсыну тәртібімен Александр Александрович Вундерлих ұсынды және Рождественка ауылдық округінің әкіміне өзін ұсыну тәртібімен Елена Александровна Капец және Серик Тулегенович Казбеков ұсынды.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 қарашада жергілікті әкімдікке кандидаттарды ұсыну бойынша сағат 18.00-де аяқталады.