Хабарлама 2021 жылғы 17 қазанда үш сайлау округі бойынша Павлодар ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтті.

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Павлодар ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Григорьвка сайлау округі

Григорьевка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1527 азамат енгізілді, олардың 1217-і дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс саны:

Айтимова А.Е. – 53; Бруцкий В.Л. – 1078; Магзумова А.М. – 64.

Григорьевка ауылдық округінің әкімі болып Виталий Леонидович  Бруцкий  сайланды, 1971 жылы туған, Григорьевка ауылдық округінің әкімі, Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

Мичурин сайлау округі

Мичурин ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1840 азамат енгізілді, олардың 1776-сі дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Асылбекова А.О. – 99; Копенов О.О. – 1572; Плешкова Н.В. – 93.

Мимчурин ауылдық округінің әкімі болып Оралбек Оразбекович Копенов сайланды, 1962 жылы туған, Мичурин ауылдық округінің әкімі, Мичурин ауылдық округінің Госплемстанция ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

Ольгинка сайлау округі

Ольгинка ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 584 азамат енгізілді, олардың 442-і дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Балтабаева С.З. – 4; Ермек Д. – 366; Ташмухамбетов Ш.Б. – 56; Урунтаева А.С. – 4.

Ольгинка ауылының әкімі болып Ермек Даурен сайланды, 1990 жылы туған, «Павлодар ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы, Кеңес ауылдық округінің Новоямышев ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 18қазандағы шешімімен 2021 жылғы 17 қазанда сайланған Павлодар ауданының ауылдық округтерінің және ауылдың әкімдерін тіркеді.

 

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Хабарлама 2021 жылғы 17 қазанда үш сайлау округі бойынша Павлодар ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтті.
Дата публикации
18 октября 2021