Аудан әкімінің 2021 жылдағы есеп беру кездесулері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру барысы туралы (2021 жылғы 1 қазаңдағы жағдай бойынша)

р/с №

Ескертпелер мен ұсыныстардың қысқаша мазмұны,  ескертпелер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша жоспарланған шаралар

Орындаушылар,

 орындау мерзімдері

Орындалу

барысы

Ескерту

(бақылау мерзімі ұзартылды, бақылаудан алынды немесе бақылауда)

Григорьевка ауылдық округі

1.       

Жаңа қала а. клубты ағымдағы жөндеу

 2021 жылғы шілде

Набережное а. МҮ Жаңа қала а. клубын жөндеуге ашық конкурс өткізді. Конкурсты «БЕЙБАРЫС group» ЖШС 1650,0 мың сомада ұтып алды. Келісім-шарт мерзімі 05.06.2021-07.07.2021. Қалған сомаға қосымша келісім жасалды. Келесі жұмыс түрлері жасалды: пластикалық терезелерді ауыстыру, электр сымдарын жөндеу, қабырғаларды ақтау, жылыту жүйесін жөндеу, төбені жөндеу (армстронгты ауыстыру), пандус орнатылды. Жөндеу жұмыстары аяқталды.

бақылаудан алынды

2.       

Набережное а. Мир көшесі бойымен кентішілік жолды орташа жөндеу

2021 жылғы шілде

 11 239,2 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мердігер ұйым «Дорстрой» ЖШС. Жұмыстар аяқталды

бақылаудан алынды

Ефремовка ауылдық округі

3.       

Мәдениет үйінің жөндеуіне арналған ЖСҚ жасау

 2021 жылғы тамыз

Аудандық мәслихаттың 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы сессиясында ЖСҚ әзірлеуге 2 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу бойынша жеткізушіні анықтау үшін мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

бақылау мерзімі ұзартылды

  Кемеңгер ауылдық округі

4.       

Шаңды а. кіре-беріс жолды жөндеу

2021 жылғы  тамыз

24 807,9 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мердігер ұйым «ПКФ ГОРДОРСТРОЙ» ЖШС. Жұмыстар аяқталды

бақылаудан алынды

Кеңес ауылдық округі

5.       

Қаратоғай а. кіре-беріс жолды жөндеуге арналған ЖСҚ әзірлеу

 

 2021 жылғы  тамыз

Ағымдағы жылы Қаратоғай ауылына кіреберіс жолды орташа жөндеуге ЖСҚ әзірленді, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-дан сараптаманың оң қорытындысы алынды

бақылаудан алынды

6.       

Әйтім а. кіре-беріс жолды орташа жөндеу

2021 жылғы шілде

71 620,5 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мердігер ұйым «АЗА» ЖШС. Жұмыстар аяқталды

бақылаудан алынды

Луганск ауылдық округі

7.       

Полицияның учаскелік инспекторына (вакансия) қызметтік тұрғын үй беру

 2021 жылғы тамыз

Конкурс ағымдағы жылдың маусым айында жарияланды. Конкурстың қорытындысы туралы хаттаманы ашу 17.07.2021 өткізілді. 19 шілдеде аз. В.А. Домбровскийнен 6000,0 мың теңге сомасына сатып алу-сату шарты жасалды. Сатып алынған тұрғын үй Луганск ауылы, Советская көшесі, 30а орналасқан.

бақылаудан алынды

Мичурин  ауылдық округі

8.       

Мичурин-Үміт апа аудандық маңызы бар жолды  орташа жөндеу

 2021 жылғы шілде

81 055,5 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мердігер ұйым «АЗА» ЖШС. Жұмыстар аяқталды

бақылаудан алынды

Рождественка  ауылдық округі

9.       

Розовка а. Тельман көшесі бойынша жолды орташа жөндеу

2021 жылғы шілде

16 220,4 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мердігер ұйым «Асфальтобетон-ПВ» ЖШС. Жұмыстар аяқталды

бақылаудан алынды

Черноярка ауылдық округі

10.   

Қоқыс контейнерлерін сатып алуға бюджеттік қаражат бөлу жөнінде

  2021 жылғы маусым

Черноярка ауылдық округінің әкімдігімен экономиканың нақты секторы бөліміне 3250,0 мың теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді. Жақын арада нақтылауға экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне қаржы қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім берілді.

бақылау мерзімі ұзартылды

11.   

Сычевка а. кіре-беріс жолын жөндеуге арналған ЖСҚ әзірлеу

  2021 жылғы тамыз

Ағымдағы жылы Сычевка ауылына кіре берісті орташа жөндеуге ЖСҚ әзірленді.  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-дан сараптаманың оң қорытындысы алынды

бақылаудан алынды

Шақат ауылдық округі

12.   

Шақат а. Әуезов көшесі бойынша жолды орташа жөндеу

  2021 жылғы тамыз

20 373,0 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мердігерлік ұйым «ИНЭК Қазақстан» ЖШС. Жұмыстар аяқталды

бақылаудан алынды

Аудан әкімінің 2021 жылдағы есеп беру кездесулері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертпелерін іске асыру барысы туралы (2021 жылғы 1 қазаңдағы жағдай бойынша)
Дата публикации
01 октября 2021