Павлодар облысы Павлодар ауданының Григорьевка, Мичурин ауылдық округі және Ольгинка ауылының әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2021 жылғы 6 қазанда Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 17 қазанда тағайындалған Григорьевка, Мичурин ауылдық округі және Ольгинка ауылының әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

2021 жылғы 6 қазанда сағат 18-дегі жағдайы бойынша Павлодар аудандық сайлау комиссиясы Григорьевка, Мичурин ауылдық округі және Ольгинка ауылының әкімдігіне ұсынылған 10 кандидаттың 10-ын тіркеді.

Григорьевка ауылдық округі әкіміне кандидаттар:

1984 жылы туған, қазақ, Павлодар қаласында тұратын, Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппаратында есепке алу жөніндегі бас маманы, Айгул Ерболатқызы Айтимова. Өзін-өзі ұсынған;

1971 жылы туған, украин, Павлодар ауданының Набережное ауылында тұратын, Павлодар ауданының Григорьевка ауылдық округінің әкімі, Виталий Леонидович Бруцкий. «Nur Otan» Партиясының мүшесі;

1987 жылы туған, қазақ, Павлодар қаласында тұратын, Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Айнура Максутовна Магзумова. Өзін-өзі ұсынған.

Мичурин ауылдық округі әкіміне кандидаттар:

Айдана Оралбековна Асылбекова, 1992 жылы туған, қазақ, Павлодар қаласында тұратын, Павлодар ауданы әкім аппаратында бас маман.Өзін-өзі ұсынған;

Оралбек Оразбекович Копенов, 1962 жылы туған, қазақ, Павлодар ауданының Госплемстанция ауылында тұратын, Павлодар ауданының Мичурин ауылдық округінің әкімі. «Nur Otan» Партиясының мүшесі;

Наталья Витальевна Плешкова,1988 жылы туған, орыс, Павлодар қаласында тұратын, Павлодар ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. Өзін-өзі ұсынған.

Ольгинка ауылының әкіміне кандидаттар:

Самал Заидовна Балтабаева,1983 жылы туған, қазақ, Павлодар ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Павлодар қаласында тұратын. Өзін-өзі ұсынған;

Ермек Даурен,1990 жылы туған, қазақ, Павлодар ауданы мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Павлодар ауданы Новоямышев ауылында тұратын.«Nur Otan» Партиясының мүшесі;

Шернияз Баженович Ташмухамбетов, 1960 жылы туған, қазақ, «Атамура» ШҚ басшысы, Павлодар ауданы Айтым ауылында тұратын. «Қазақстан Халық партиясы» ҚБПартиясының мүшесі;

Урунтаева Айгуль Сембаевна,1968 жылы туған, қазақ, «Ақ бота» бөбекжайы басшысының міндетін атқарушы, Павлодар ауданының Чернорецк ауылында тұратын. Өзін-өзі ұсынған;

 2021 жылғы 6 қазанда сағат 18:00-ден бастап Григорьевка, Мичурин ауылдық округі және Ольгинка ауылының әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 16 қазандағы сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

  Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 29 маусымдағы №91 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

 

Павлодар облысы Павлодар ауданының Григорьевка, Мичурин ауылдық округі және Ольгинка ауылының әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Дата публикации
06 октября 2021