Павлодар ауданының аумағында мониторингтік топ құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұушылықтар анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритмінің 2, 21 тармақтарына сәйкес:

  1. Павлодар ауданының аумағында мониторингтік топ осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
  2. Павлодар ауданы әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы «Павлодар ауданының аумағында мониторингтік топ құру туралы» 1-03-10 өкімінің күші жойылсын.
  3. Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас мамандары М.Д. Алдоңғар, М.Е. Аманжол InfoKazakhstan электрондық платформасында рейд нәтижелері мен мониторингті алдын ала тіркеуді жүзеге асыру бойынша міндеттерді жүктей отырып, мониторингтік топтың қызметіне жауапты болып белгіленсін.
  4. Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі осы өкімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Е.Б. Жәутікбаевқа жүктелсін.

 

Павлодар ауданың әкімі                                             Е. Иманслям

Павлодар ауданының аумағында мониторингтік топ құру туралы
Дата публикации
20 сентября 2021