Хабарлама Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Павлодар ауданының Григорьевка, Мичурин ауылдық округі және Ольгинка ауылының әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес 2021 жылғы 5 қазанда Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Григорьевка, Мичурин ауылдық округі және Ольгинка ауылының әкімдігіне кандидаттардың келіп түскен құжаттарын қарап ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1984 жылы туған, қазақ, Павлодар қаласында тұратын, Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппаратында есепке алу жөніндегі бас маманы, Айгул Ерболатқызы Айтимова. Григорьевка ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелсін. Өзін-өзі ұсынған;

          

1987 жылы туған, қазақ, Павлодар қаласында тұратын, Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Айнура Максутовна Магзумова. Григорьевка ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелсін. Өзін-өзі ұсынған.

          

1988 жылы туған, орыс, Павлодар қаласында тұратын, Павлодар ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Наталья Витальевна Плешкова. Мичурин ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.Өзін-өзі ұсынған;

 

1992 жылы туған, қазақ, Павлодар қаласында тұратын, Павлодар ауданы әкім аппаратында бас маман, Айдана Оралбековна Асылбекова. Мичурин ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.Өзін-өзі ұсынған;

          

           1983 жылы туған, қазақ, Павлодар ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Павлодар қаласында тұратын Самал Заидовна Балтабаева. Ольгинка ауылының әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.Өзін-өзі ұсынған;

        

         1968 жылы туған, қазақ, «Ақ бота» бөбекжайы басшысының міндетін атқарушы, Павлодар ауданының Чернорецк ауылында тұратын, Урунтаева Айгуль Сембаевна. Ольгинка ауылының әкіміне кандидат ретінде тіркелсін.Өзін-өзі ұсынған.

 

Хабарлама Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Павлодар ауданының Григорьевка, Мичурин ауылдық округі және Ольгинка ауылының әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы
Дата публикации
05 октября 2021