2021 жылдың 17 қазанда тағайындалатын Григорьевка, Мичурин ауылдық округтері және Ольгинка ауылыныңәкімдіктеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 1 қазан сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Павлодар ауданы бойынша барлығы 3 сайлау округінде 10 кандидат, оның ішінде   4 (40%) - саяси партиялармен, 6 (60%)- өзін-өзі ұсынумен ұсынылды.

Саяси партиялар Григорьевка, Мичурин және Ольгинка сайлау округтері бойынша кандидатураларын ұсынды: «NurOtan» партиясы 3 кандидат, НПК 1 кандидат.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 6 қазанда сағат 18.00-де аяқталады.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 0 кандидат тіркелді (0%).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

2021 жылдың 17 қазанда тағайындалатын Григорьевка, Мичурин ауылдық округтері және Ольгинка ауылыныңәкімдіктеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
01 октября 2021