2021 жылдың 17 қазанда Григорьевка, Мичурин ауылдық округтерінде және Ольгинка ауылында әкімдерді сайлауға тағайындалған кандидаттарды ұсыну барысытуралы Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2021 жылғы 29 қыркүйекте "Nur Otan" партиясынан Григорьевка ауылдық округі әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Бруцкий Виталий Леонидович ұсынды. Мичурин ауылдық округінің әкіміне "Nur Otan" партиясынан өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Копенов Оралбек Оразбекұлыұсынды. Ольгинка ауылының әкіміне "Nur Otan" партиясынан өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Ермек Даурен ұсынды.

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 1 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

2021 жылдың 17 қазанда Григорьевка, Мичурин ауылдық округтерінде және Ольгинка ауылында әкімдерді сайлауға тағайындалған кандидаттарды ұсыну барысытуралы Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
29 сентября 2021