2021 жылғы 21 қыркүйекте Григорьевка ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Айнура Максутовна Магзумова және Айгуль Ерболатовна Айтимова ұсынды. Мичурин ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды өзін-өзі ұсыну тәртібімен Наталья Витальевна Плешкова и Айдана ОралбековнаАсылбековаұсынды. Ольгинка ауылының әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Айгуль Сембаевна Урунтаева ұсынды.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 1 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.