Павлодар ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6 тармақшасына,                    21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Павлодар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:

1) Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты – Григорьевка ауылдық округінің шекарасындағы Григорьевка сайлау округі;

2) Мичурин ауылдық округінің әкімі – Мичурин ауылдық округінің шекарасындағы Мичурин сайлау округі;

3) Ольгинка ауылының әкімі – Ольгинка ауылының шекарасындағы Ольгинка сайлау округі.

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Павлодар аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Zaman tynysy», «Нива» газеттерінде жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                                       

Е.Ж. Айдаболов

 

 

Хатшы                                                                      

А.М. Вакпаева

Павлодар ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
17 сентября 2021