«Кеңес ауылдық округі Новоямышево ауылында орналасқан «Ботагөз» шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы» Кеңес ауылдық округі әкімінің шешім жобасына баспасөз
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2021 жылғы 26 тамыз № 2-36/281 ұсынысына сәйкес Кеңес ауылдық округ әкімінің шешімі әзірленді.
2021 жылғы 1 қыркүйегіндегі «Кеңес ауылдық округі Новоямышево ауылында орналасқан "Ботагөз" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы» Кеңес ауылдық округі әкімінің шешімі «Ашық НҚА» порталына орналастырылған.