Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 77/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 10 наурызда № 7222 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі "Павлодар ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 223/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4655 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 6-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 8-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар ауданының әкімі | Ж. Шугаев |
| Павлодар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 77/3 қаулысына 1-қосымша |
|
| Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 223/7 қаулысына 6-қосымша |


| Павлодар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 77/3 қаулысына 2-қосымша |
|
| Павлодар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі |
|
| № 223/7 қаулысына 8-қосымша |

