2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Заңғар, Чернорецк, Черноярка ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 9 шілде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Павлодар ауданы бойынша барлығы 3 сайлау округінде 10 кандидат, оның ішінде 3 (30%) – саяси партиялармен, 7 (70%) – өзін-өзі ұсынумен ұсынылды.

Саяси партиялар 3 сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды: «NurOtan» партиясынан 3 кандидат.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.

Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 9 кандидат тіркелді (90%).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Заңғар, Чернорецк, Черноярка ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
10 июля 2021