«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес 2021 жылғы 7 шілдеде Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Заңғар, Чернорецк және Чернояр ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттардың келіп түскен құжаттарын қарап ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1983 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ өтініштермен жұмыс жөніндегі бас маманы, Павлодар қаласында тұратын Самал Заидовна Балтабаева Заңғар ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелсін. Өзін-өзі ұсынған.
1978 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының орынбасары, Павлодар қаласында тұратын Азамат Социалович Аккузинов Заңғар ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелсін. Өзін-өзі ұсынған.
1978 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Павлодар ауданы Коряковка ауылында тұратын Руслан Қанатович Сманов Заңғар ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелсін. «Nur Otan» Партиясының мүшесі.
1986 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданының қаржы бөлімі» ММ есеп жөніндегі бас маманы, Павлодар қаласында тұратын Гульмира Шукировна Мушкенова Чернорецк ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелсін. Өзін-өзі ұсынған.
1968 жылы туған, қазақ, «Ақ бота» бөбекжайы» КМҚК басшысының міндетін атқарушы, Павлодар ауданының Чернорецк ауылында тұратын, Урунтаева Айгуль Сембаевна, Чернорецк ауылдық округінің әкіміне кандидат болып болып тіркелсін. Өзін-өзі ұсынған.
1966 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданының Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Павлодар ауданы Чернорецк ауылында тұратын, Омаров Серик Идрисович, Чернорецк ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелсін. «Nur Otan» Партиясының мүшесі.
1973 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Павлодар ауданы Новочерноярка ауылында тұратын, Тактаулов Ермек Даньярович, Черноярка ауылдық округі әкіміне кандидат болып тіркелсін. «Nur Otan» Партиясының мүшесі.
1974 жылы туған, қазақ, «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Павлодар қаласында тұратын Смагулова Жанар Умербаевна, Черноярка ауылдық округінің әкіміне кандидат болып тіркелсін. Өзін-өзі ұсынған.