2021 жылғы 3 шілдеде "Nur Otan" партиясынан Заңғар ауылдық округі әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Сманов Руслан Қанатұлы ұсынды. Чернорецк ауылдық округінің әкіміне "Nur Otan" партиясынан өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Омаров Серік Ыдырысұлы ұсынды. Черноярка ауылдық округінің әкіміне "Nur Otan" партиясынан өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Тактаулов Ермек Даньярович ұсынды.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.