2021 жылғы 2 шілдеде Заңғар ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Азамат Социалұлы Аккузинов және Самал Заидовна Балтабаева ұсынды. Чернорецк ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды өзін-өзі ұсыну тәртібімен Гүлмира Шүкірқызы Мушкенова және Айгүл Сембайқызы Урунтаева ұсынды. Черноярка ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды Николай Геннадьевич Надедов пен Жанар Өмірбайқызы Смагулова ұсынды.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.