«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 50 қаулысымен бекітілген«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткізу кезеңі:2021жылдың маусым-қазан айлары.

Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтардаәкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап                           10 шілдеге(қоса есептегенде)дейін қабылданады.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған(Әдістемелік ұсыным сілтемесі).

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
28 июня 2021